17.05.2022, 18:00
Оқылды: 45

Мәжіліс депутаты қожалық жұмысшыларымен кездесті

Кеше Референдумды қолдау бойынша республикалық партиялық штабтың мүшесі, ҚР Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева Казталов ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Мүслім» ШҚ жұмысшыларымен кездесті.

A2079043-1F64-49A2-A351-2E28CDA8FB34

Мәжілістегі «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшесі шаруаларға референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар шаруалардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, ауданымызда күн тәртібінде тұрған киік мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

-Қазіргі таңда елімізде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. Конституциялық реформаны қолдау, Ата Заңға енгізілетін түзетулерді қабылдау сіздердің таңдауларыңызға байланысты. Ал өңірдің оңтүстік аудандарына тән киік мәселесіне тоқталар болсақ, бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын жұмыс. Егер Үкімет киікті атпау туралы мараторийді алып тастау туралы шешім шығарса, дала жануарын мақсатты түрде атып, жергілікті ет өндіруші компаниялар арқылы киік етін өндіре аламыз. Осы орайда оны кешенді түрде жүзеге асыруды назардан шығармағанымыз жөн. Сонымен қатар, биыл арнайы резерват құруға қаржы бөлініп, кезекті жұмыстар атқарылуда, - деді халық қалаулысы.

Шаруалар өздерінің ұсыныстарын айтып, референдумды қолдайтындықтарын атап өтті. Мәжіліс депутаты Жалпақтал ауылында болып, референдумды қолдау жөніндегі аудандық штабтың мүшелерімен және халықпен кездесіп, Конституциялық реформа бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале