8.01.2026, 10:30
Оқылды: 23

Мәжіліс депутаты Теректі ауданына келді

Теректі ауданына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев жұмыс сапарымен келді.

611129636_3168586446656561_1475838273288160067_n (1)

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев мәжіліс депутатын қарсы алған бойда Подстепное ауылындағы сумен жабдықтау нысандарын аралатты. Нартай Аралбайұлы халықты ауыз сумен қамтып отырған нысандардың жұмысын көрді. Бұған дейін көтерілген су мәселесінің өзектілігінің, бүгінгі таңда шешілгендігіне көз жеткізген депутат алдағы уақытта атқаратын жұмыстарға да сәттілік тіледі.

611654242_3168586439989895_2681531999265139315_n (1)

Одан әрі депутат кезінде су тасқынынан зардап шеккен подстепнойлық Жібек Иманғалиеваның шаңырағына барып амандық-саулық сұрасты. Кездесу барысында Жібек Дәулетқызы ел басына күн туып, қиын кезеңдерде қол ұшын созған Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

612035198_3168658456649360_1397500797063128209_n

Подстепное ауылындағы кездесулерден кейін, мәжіліс депутаты Ақжайық ауылына барды. Ондағы мақсат Нартай Аралбайұлы жуық арада ашылған су жаңа спорт кешенімен танысу еді. Заманауй үлгіде салынған спорт кешенін аралап көрген халық қалаулысы ақжайықтықтарды құттықтады. Депутат әсіресе ауылдағы ағайынға аса қажеттілігін тудыратын спорт нысандарының салынуы көңіл қуантатындығын жеткізді.

612080765_3168658473316025_4721725181873412089_n

Ауыл тұрғындары Нартай Аралбайұлының келетіндігін естіп спорт кешенге жиналыпты. Сонымен қатар депутат халықпен кездесу барысында тұрғындардың сауалына жауап беріп, ұсыныстарды жоғары жаққа жеткізетіндігін атап өтті.

 

Темірболат Әнуарұлы,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале