Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі орынбасары А.Сарқұловтың төрағалығымен аудан медиаторларымен кездесу өтті. Жиынға облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКМ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиева, аудан прокрурорының міндетін атқарушы Қ.Төремұратов, округ әкімдері, аудан медиаторлары, бақ өкілдері қатысты.
Сырым ауданы бойынша бүгінде жалпы кәсіби емес медиаторлар саны 21. Бұл тізім жыл басында бекітілді. 2016 жыл бойынша 20 медиатор өз қызметін атқарды. 2016 жылы жалпы медиаторлардың қатысуымен қылмыстық – 16, азаматтық – 20, барлығы 36 дау шешілді. Ал биылғы жылдың І тоқсанында медиаторлармен азаматтық 1 дау, 3 қылмыстық дау өз шешімін тапты. Елбасымыздың өзі медиаторлық іс-әрекетке баса назар аударып отыр. Себебі, негізгі мақсат шешуге болатын дауларды сотқа жеткізбей, ақылдасу, кеңесу арқылы алдын алу.
Басқосуда аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева жалпы медиация ұғымына түсінік берді. Бүгінгі жиынның өтуі тегін емес. Себебі, медиация бүгінгі заманның талабы. Ендігі мақсат медиаторлық жұмысқа басым көңіл бөлу. Медиаторлар өмірлік тәжірибелерін пайдалана отырып аудан, ауылдық округ деңгейінде қарапайым халыққа кеңес беріп, сотқа дейінгі даулардың алдын алу мақстатында жұмыстануымыз қажет. Медиация бұл – Елбасының берген тапсырмасы. Біз, бәріміз жұмыла ауданымыздың, еліміздің дамуы үшін жұмыла еңбек етуіміз қажет. Жиынға қатысушы медиаторлар облыстан келген медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиеваға сұрақтарын жолдап, тиісінше жауап алды.
Үміт Жәңгірова
zhaikpress.kz