Тасқала аудандық сотының төрағасы А.Дюсингалиевтің қатысуымен «Сотқа дейінгі дауларды медиация тәртібімен реттеу» атты дөңгелек үстел өтті. Онда ауылдық жерлердегі кәсіби емес медиаторлардың негізгі міндеті мен мақсаты айтылып, жұмысты жақсартуға негіз болатын ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева медиацияның қоғамдық өмірдегі рөліне тоқталып, мысалдармен дәлелдеп берді. Люция Әсетқызының сөзіне қарағанда, медиатр ауылдық жерлерде туған кикілжің жағдайларды сотқа жеткізбей бітімгерлікпен шешуге тиіс және өз сөзін жерге тастатпай, ортасына сыйлы жан болуы шарт.
Ажырасу бойынша түскен арыздарды мұқият қарап барып, отбасын сақтап қалудың жағдайларын жасау керек. Қылмыстық істердің алдын алу шараларын күшейту міндеті де қойылды.
Сонымен қатар аудандық сотта 2013-2017 жылдары аралығында медиация тәртібімен аяқталған істер бойынша кеңсе меңгерушісі Ә.Қарекенов баяндама жасады. Осыдан медиация тәртібіне жүгінген істер шешімін тауып, халық наразылығын тудырмағанын көруге болады.
Әсемгүл Серікқалиқызы
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz