21.07.2023, 15:15
Оқылды: 24

Медиасуаттылықтың маңызы зор

Бәйтерек аудандық кітапханасында «Кітапхана саласын цифрландыру жолдары  және медиасауаттылық» атты семинар өтті.

IMG-20230721-WA0062

Шараны ашқан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Жеңісгүл Жаңабаева аталмыш семинардың маңыздылығын атап өтсе, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев пен аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Нұржан Дүзбатыр кітапхананың қоғамдағы орны, бүгінгі тыныс-тіршілігі турасында ой өрбітіп, семинарға сәттілік тіледі.

IMG-20230721-WA0061

«Миссия, Болжам, Құндылық» BIBLIO – HACKER-ден басталған  семинарда төрт топқа бөлінген кітапханашылар өз мәртебелерін, құндылықтарын, болжамдары мен миссияларын қорғады. Нәтижиесінде  командалар «Трендтегі маман», «Кітапханада лайфхак», «Smart кітапхана» атты аталымдармен және арнайы дипломмен марапатталды.

 «Бәйтерек» мәдени-ағарту және тынығу орталығының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Э.Абдрашитова «Идеал кітапханашы» атты баяндамасын жасап, кітапханашы қандай болу керек,  міндеттері мен мақсаттары жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. ОКЖ-ның әдіскерлері А.Маруанова мен В.Конашева «Әлеуметтік желі – ақпарат алаңы» атты тренинг арқылы әріптестерге ерекше серпін бере отырып, медиасауаттылық  туралы айтып, instagram-ға сол мезетте  stories  салу жолдарын үйретті.  Кітапхана жұмысын жандандырудың әдіс-тәсілдері жөнінде айтқан ОКЖ библиографы Ф.Азбантаева он сұрақтан тұратын тест өткізді және слайдта гиперсілтемемен қалай жұмыс жасалу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ балалар кітапханаларында оқырмандардың ұсақ қол моторикасын дамытудың әдістерімен ОБК библиографы А.Абылаева танысытырып, мектеп жасына дейінгі балаларға арнап өзі жасаған альбомымен таныстырды.

Семинар соңында жиналғандар алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шарадың пайдасы жөнінде ой-пікірлерін айтты.

Бақыт Мақсот,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале