Бүгін Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің төрағалығымен, аудандық соттың төрағасы Ботагөз Баймұханованың қатысуымен сырымдық кәсіби емес медиаторларымен кездесу өтті.
Медиация желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешу жолдары айтылды.
Жиын соңында медиаторларға арнайы қызметтік куәлік тапсырылды. Аудан бойынша 8 кәсіби емес, 1 кәсіби медиатор бар.
А.Амангелдина,
Суреттерді түсірген: А.Өтеғалиева,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz