Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев Жәнібек ауданында медицина саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, елге сыйлы, халыққа қадірлі азамат бола білген Өтеген Құбайұлының үйіне арнайы барып, 80 жас мерейтойымен құттықтап қайтты.
Жәнібек ауданының өркендеуіне қосқан мол үлесі, атқарған адал қызметі үшін алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін айтты. Өз кезегінде 80 жасты еңсерген медицина саласының үздігі ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар аудан әкімі Азамат Сафималиевтің сәлемдемесін жеткізіп, құттықтау қағазын табыстап, сый-сыяпатын берді.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz