28.07.2022, 17:44
Оқылды: 67

Медициналық пойыз Шыңғырлауға да келеді

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысындағы Семиглавый Мар станциясында жұмысын бастап кеткен еді. Жалпы аталған «доңғалақ үстіндегі емхана» 9 тамызға дейін БҚО-дағы 9 шалғай станцияға барады.

IMG-20220728-WA0034

Жұмысын Тасқала ауданынан бастайтын арнайы мамандандырылған топ 8-9 тамыз аралығында Шыңғырлау бекетінде өз жұмысын аяқтайды. Медициналық пойыз мамандары күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін емдік көмек көрсетуге, кеңес беруге және қажет болса, елдегі медицина мекемелеріне жолдама беруге дайын.

Облыс орталығына баруға мүмкіндігі жоқ ауыл тұрғындары аудандық теміржол бекеті маңына келіп тоқтайтын «Жәрдем» пойызындағы білікті мамандарға келіп, денсаулықтарын қаратып, тиісінше ем-дом шараларын алуға мүмкіндіктері бар.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асыруда.

Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале