9.02.2024, 9:30
Оқылды: 116

"Мега-Ойл-Орал" ескерту алды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және Мемлекеттік Гимнін құрметтеу әр қазақстандықтың қасиетті міндеті екені баршамызға белгілі.

InShot_20240209_091723172
Десе де қасиетті борышына немқұрайлы қарайтын ауылдастарымыз бар екен. Бір жақсысы, көкте желбіреп тұруға тиіс тудың тулақтай жерде жатқанына бейжай қарамайтын Айтқазы Хамидуллин сияқты азаматтарымыз да баршылық.​

Бүгін Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен​ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде​ Сайқын ауылында орналасқан "Мега-Ойл-Орал" жанар-жағармай құю бекетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын қорлау яғни стандартқа сәйкес қолданбағаны анықталды.

Анықталған бойда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшелері аталған станцияның басшысына арнайы хабарлама толтырып, тиісті кемшілікті ҚР Мемлекеттік Туын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы №137​ бұйрығының 5 тармағына​ сай, анықталған кемшілік бір тәулікте жойылу керектігін ескертті.​ ​ ​ Жанар-жағармай құю бекетінің станция басшысы дереу Мемлекеттік Туға деген кемшілікті жойып, ұлттық стандартқа сәйкес ҚР Мемлекеттік Туын қалыпқа келтірді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале