10.03.2022, 11:10
Оқылды: 24

Мейірбекке "мейірім" жетпейді

Бұл - өмір!. Иә, адамзатқа өмірден асқан құдірет жоқ. Қамшының сабындай ғұмырдың қадірін әркім әр қилы түсінсе, ал көпшілігіміздің алтын уақытты бос өткізіп алатынымыз бар.

71CD329E-F0C1-462D-B239-E4AC2A82D5D8

Тағдыр тәлкегіне ұшырап, мүгедек боп қалған жандардың қайсарлығы, өмірге құштарлығы таң қалдырады. Соған мойынсұнып, арбаға таңылып, барлық жастық ғұмыры ананың қасында өткен жандар қаншама? Бұл жерде айтқым келгені - іштен шыққан перзентіне деген ана махаббатының шексіздігі туралы болмақ.

Переметный ауылында тұратын Қамаш апайдың тауқыметін айтқым келді. Қамаш апаның сүліктей болып ер жеткен  ұлы Мейірбек аяқ астынан апатқа ұшырап, қол арбаға таңылғанына биыл 30 жыл болыпты. Содан бері арбаға таңылған ұлын бағып-қағып жүрген кейуананың күйін кім түсінер екен? Сүйдім- күйдім деген қосағының өзі қиын жағдайда адамшылықтан аттап өтіп, тастап кете барды...

Мұндай жағдайлар ілуде біреу емес, қайсарлық танытып, қиын тағдырға қарсы тұрып, сабырмен ел қатарлы еңбек етем деп талпынып жүргендерге таң қаласың. Адам деген қасиетті аттың қадірін келтіріп, қоғамға титтей болса да пайдасын тигізіп жатқан арбалы азаматтарды көргенде тәубаға келесің. "Сандықтар" ЖКің иесі Қ.Морякұлын, ХҚКО ның инспекторы Қайраттай азамат жігіттердің ерік-жігерін көргенде таңғалмастан басқа шара жоқ. Тәубеге келесің. Бірақ осындай жандардың  артында тағдырларына "байлаулы" тұрған бір асыл жан бар екенін ойлағанда олардың арқалаған жүгі мен жауапкершілігі, адамгершілігі мен сабырлылығы, кісілігі мен кішілігі сияқты адами қасиеттер еске түседі.

Кейде сәбиді аяқтандырғанша шаршап қалатын келіндер 50-ден асқан ұлының  қасіретін бірге арқалап келе жатқан анадан неге үлгі алмайды екен деген ойға келесің.

Мынау көктемнің шуақты күндерімен келетін «Амал» және «Әз Наурыз» мерекелерінде тек адал жарының немесе ұлының көңіл күйін күйттеп отырған Камаштай қазақ қыздары мен келіндеріне ел көңіл бөлсе дейсің. Өйткені оның қажыр-қайраты мен төзімділігіне бас иіп, тағзым еткің келеді. Қоғам болып, ел болып, бей-берекет мақтаулар мен медальдарды судай шашқанша, бір кезек төңірекке көз салып, жанымыздағы осындай қиыншылықта тіршілік етіп отырған ауылдас, отандастардың бар екенін де еске салғым келді. Көп емес, бірен-саран аудандағы осындай тауқыметі шаш-етектен, бірақ сырларын ішке бүгіп, үн түнсіз, ешкімге қол жаймай, қоңыр күрең тіршілігін жайғап-жасқап отырған Қамаш ападай үй иелеріне аудан әкімшілігі мерекені күтпей-ақ, моральдық жағынан жағдайларын сұрап, қол ұшын созып, көмек беріп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, "Құдайдан қайтар игі іс" болар еді деп құлаққағыс жасағым келді.

Қасиетті Шағбан айында сауапты істен құр қалмайық, ағайын! Мұндай ізгі амалдар Жаратқанның ашуын қайырып, келетін жамандықтан сақтайтынын ұмытпайық.  Өмірдің тауқыметін көріп, Алланын сынағына сабыр етіп, қиындыққа мойымай жатқан осындай Азаматқа өмірге деген құштарлық сезімін оятуға себепші болайық. 

Kaspi Gold: +7 (771) 813 66 77 Мейірбек Е.

Самат Ержанов,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале