10.07.2017, 18:25
Оқылды: 27

«Мейірім» қайырымдылық дүкені ашылды

111_7447«100 нақты көмек» жобасы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан ашылған «Мейірім» қайырымдылық дүкені өз жұмысын бастап кетті.111_7442

Аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ашылған дүкен жұмысының жандануына әр тұрғын үлес қоса алады. Ол үшін бар болғаны өзіңізге қажетсіз киім-кешектер мен тұрмыстық заттарды жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа алып келіп, тапсырсаңыз болғаны. Қайырымдылық шараларынан қоғамдық бірлестіктер мен жеке кәсіпкерлер де тыс қалып жатқан жоқ. Айта кетер болсақ, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі дүкенге қажетті жабдықтармен көмектессе, жеке кәсіпкер Азамат Ихласов жарнамаға қажетті баннер мен дүкен атауын жасап берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале