Қазіргі Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектебі 1894 жылы біржылдық «Болыстық орыс-қазақ» мектебі болып ашылған. Оның алғашқы мұғалімдері Матвей Холодилин мен Мейіржан Бисенов болды. Алғашында мектеп табалдырығын аттаған шәкірттер саны 67, оның 62-сі ұл, 5-і қыз бала еді. 1972 жылы үш қабатты жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліп, ескі мектеп өз қызметін тоқтатты. 1994 жылы 27 желтоқсанда Қадыр Мырзалиевтің 60 жылдық мерейтойына орай мектепке ақынның есімі берілді.
Мектеп тарихында Жымпиты орта мектебін бітірген ғалымдар, ақын-жазушыларды ерекше мақтанышпен айтуға болады. Олардың қатарында Қазақстан халық жазушылары Хамза Есенжанов, Сағынғали Сейітов, Жұбан Молдағалиев, Жәрдем Тілеков, Қадыр Мырзалиев, философия ғылымының докторы Ғалихан Ақмамбетов, медицина ғылымдарының профессоры О.Хабиев және тағы басқалар бар. Сонымен қатар Қазақ КСР үкіметінің бірінші хатшысы (Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы) Ораз Исаев пен Қазақ КСР әншісі Роза Жаманова да осы мектепте білім алған.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №16 санынан оқи аласыздар.
Мұқат Арыстанов,
Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің мұғалімі,
Сырым ауданы