Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күні мереке болып танылғалы 9-11-сыныптар арасындағы «Пневматикалық мылтық ату» жарысы Жаңақала ауданындағы мектептердің дәстүріне енгізілген.
Биыл да мереке қарсаңында өткізілген жарыстан жүйрік деп танылған мергендеріміз анықталып, аудандық жарысқа дайындығын бастап кеткен еді. Міне күткен жарыс күні де жетті.
Жаңақала колледжінің құрылғанына 60 жыл және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай аудандық «Пневматикалық мылтық ату» жарысына №3 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекші маманы Дидар Жумагелдин дайындаған команда жүлделі І орынды жеңіп алды.
Мектеп мерейін асқақтатқан команда құрамында 9-сынып оқушылары – Әли Жұмагелді, Жанайым Жұмагелді, Алтын Жанболатқызы, Арман Тұрар бар.
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz