Бүгін Казталов ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Казталов ауданы орталығында болып, 600 балаға арналған Алма Оразбаева атындағы мектептің құрылысымен танысты.
Құрылысы түрлі себепбен біраз жылға созылған бұл мектеп биылғы жылы аяқталмақ. Құрылысқа жауапты мердігер «Жиенбай» ЖШС-ның директоры Александр Қарағойшиннің айтуынша, биылғы оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар жаңа мектепте оқиды.
Мектептің ішін аралап көрген Нариман Төреғалиұлы мердігер мекеменің басшысына барлық құрылысты сапалы түрде айтылған уақытқа бітіруді нақты тапсырды.
Сонымен бірге облыс әкімі бірқатар инвест жобамен танысып, Алма Оразбаева мектебінің құрылысына қатысты ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Нариман Төреғалиұлы:
— Мектеп құрылысы 1 қыркүйекте бітпейтіні анық. Бірақ осы жылдың 1 қарашасына дейін тиісті деңгейде барлық жұмыс атқарылып, түгелімен аяқталуы тиіс. Мердігер «Жиенбай» ЖШС-нің басшылығына тағы да сапалы жұмыс жасауды тапсырамын. Бұл нысан менің жеке бақылауымда болады, - деді.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz