11.07.2017, 15:37
Оқылды: 57

Мектеп құрылысының жұмысымен танысты

darianЗеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров округтарды аралап, жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандар жұмысымен танысып, округтардың ахуалына қаныққан болатын. Аудандағы құны 1 млрд. 106,5 млн. теңге болатын ең «сүбелі» жоба – Дарияннан бой көтеретін мектеп-интернат кешені. 300 оқушыға арналған мектеп пен 100 орындық интернаты бар кешен құрылысы. Мектеп құрылысының жұмысымен танысқан аудан басшысы мердігер компания өкіліне жұмыстың қарқынды жүргізіліп, сапасына аса мән беруді, құрылыс жұмысына жергілікті құрылыс материалдарын  пайдалануды тапсырды.

Жаңа нысан құрылысында уақытпен санаспай 18 дарияндық еңбек етуде.

Д.БЕРІШ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале