8.12.2021, 18:02
Оқылды: 44

Мектеп тарихын музейден таныдық

Жәңгір хан атындағы мектебіміздің 180 жылдығына орай өзім жетекшілік ететін 1 б сыныпты музейге алып бардым. Музей гидтерінің мектеп тарихын құр сөзбен емес, түрлі экспонаттар арқылы түсіндіргені балаларға айрықша әсер етті.

48

Өз қаржысына мектеп салдырып, қарапайым отбасы балаларын тегін оқытқан, жай ғана әріп танытып қана қоймай, ислам негіздерін, шығыс тілдеріне қоса,  арифметика, география сабақтарымен бірге  екпе салу ережелері, кітап түптеу, жер өлшеуді үйрететін бөлімдер де ұйымдастырып, кейін мектеп түлектерінің кадет корпусы сияқты оқу орындарына жіберген Жәңгір ханның халқының қамын жеген, болашағын ойлап, өзге елдермен тең, сауатты, мәдениетті ел болуын армандаған саясаткер екенін жақсы ұқты. Оқушыларымды музейге апарудағы мақсатым – мектеп, өлке тарихын танысын, туған жерге деген сүйіспеншілігі артсын деген ниет еді.  Музей қызметкерлерінің әр сөзін ерекше ынтамен тыңдап, кейін сыныпта түсінгендерін жарыса айтқан шәкірттеріме қарап, музейге саяхаттың өз мақсатына жеткенін аңғардым.

Альфия Аксенова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале