6.03.2023, 22:12
Оқылды: 69

Мектепте оқу-жаттығу жиыны өтті

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Биыл бұл мереке «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен өткізілді. Осыған байланысты бекітілген жоспар бойынша мекемелерде, білім беру орындарында әр түрлі шаралар өткізілді. Осы мереке күні қаламыздағы №7 ЖОББ мектебінің оқушыларына апаттық жағдайдағы құтқару жұмыстарына арналған көлік таныстырылды. Қажетті құрал-жабдықтардың қандай жағдайда және қалай қолдану керектігі түсіндірілді.

bfb8a9e3-ae8a-442f-867c-aac889a8f923

Оқушыларға өрт кезінде қандай іс-қимыл жасау керектігі айтылды. Балаларда Азаматтық қорғаныс күніне орай суреттер салып, төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

- Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына қорғаныс күштерін таныстырып, суреттер көрмесі, қалалық кітапханаларда кездесулер өткізді. Осындай шаралар Азаматтық қорғаныстың жаңа келбетін қалыптастырады. Төтенше жағдай бөлімінің басты қызметі - халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау іс-шараларын жүзеге асыру. Бұл Азаматтық қорғаныстың әлеуметтік маңыздылығын және қоғамдағы қажеттілігін арттырады, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, Азаматтық қорғау майоры Алима Идалиева.

62655c1d-9993-4fb6-b232-bace7a3c0bab

Сонымен қоса төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жылына 4 рет мектептерді аралап, төтенше жағдайларда оқушылардың қандай іс-қимылдар қолдану керектігі түсіндірілетінін айтып өтті.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале