Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыс өтті. Жарысқа Бәйтерек ауданы әкімі аппараты, Бәйтерек ауданы бөлім басшылары, Бәйтерек ауданының ауылдық округ әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.
Бәсекеге толы тартысты додада қатысушылар волейбол, дойбы және үстел теннисінен мықтылықтарын сынады. Жеңіс тұғырынан табылу үшін қарсыластарынан айласын асырып, келісті ойын өрнегін көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер спорттан да алдына жан салмайтындықтарын байқатып бақты. Тартысты ойын қатысушыларды серпілтіп, жанкүйерлерді де қуантып тастады.
Нәтижесінде волейбол ойыны бойынша І орынды округ әкімдері командасы, ІІ орынды аудан әкімі аппараты, ІІІ орынды бөлім басшылары командалары иеленді.
Дойбы ойынында ерлер арасында І орынды Мұрат Залмұқанов қанжығасына байласа, әйелдер арасында І орын Гүлзада Булановаға бұйырды. Үстел теннисінен ерлер арасында Николай Штык, әйелдер арасында Татьяна Малкина І орын иеленіп, көш бастады.
Барлық жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz