Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Ел басына күн туғанда тұрақтылығымыздың кепілі болған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимін орнатып, стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін тапсырмалар беріп, нақты шешім қабылдады.
Мемлекет басшысының бұл шешімі, ең біріншіден, барша қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағында террористік қауіптің алдын алу шараларын жүзеге асырған іс-әрекеттер өз нәтижесін беріп, елдегі орынсыз жағдайларды тұрақтандыруға оң септігін тигізіп жатыр. Еліміздегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін қосымша тапсырмалар берілді.
Қиын сәтте халықпен бірге екендігін көрсеткен Президент өз үндеуінде сабырлылық пен шыдамдылық танытқан барша қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.
Бірлігі бекем ел озар демекші, мемлекет басшысының еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін халқымыздың қауіпсіздік жолындағы маңызды саяси қадамдарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет.
Ел тұтастығын сақтау мақсатына бүкіл халық жұдырықтай жұмылып, бұл қиындықты бірге жеңеміз деген сенімдемін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз баянды болсын!
Бибігүл Ахметжанова,
«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары