3.11.2022, 18:05
Оқылды: 84

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту маңызды

Теректі ауданына жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов келді. Департамент басшысын Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркибаев қарсылап, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін нысандардың жұмысымен таныстырды. 

IMG-20221103-WA0070

Алдымен, Мұрат Сейілбекұлы Теректі аудандық ХҚК орталығына бас сұғып, орталықтың бүгінгі ахуалын көзбен көрді. Халыққа қызмет көрсету бойынша Теректі аудандық бөлімінің басшысы Хайрулла Құрматовтың айтуынша, орталықта 6 маман қызмет атқарады. Олар күніне орташа есеппен 100-ден астам адамға қызмет етеді.

Одан соң департамент басшысы жұмыспен қамту орталығына ат басын бұрды. Орталық директоры Руслан Хайруллин атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, мемлекеттік қызметті оңтайландыру бойынша ұсыныстарын айтты. Ал, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Мұрат Байсалов орталық қызметкерлерімен тілдесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

IMG-20221103-WA0068

Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметті бюрократиядан арылту маңызды. Осы мақсатта облысымызға қарасты аудандарды аралап, мемлекеттік қызметкерлермен жүздесіп, олардың тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдауды құп көрдім,-деді өз сөзінде департамент басшысы Мұрат Сейілбекұлы.

Мұрат Байсаловтың Теректіге жұмыс сапары аудандық әкімдік ғимаратында жалғасты. Департамент басшысының қабылдауына келген аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ерлан Қазбенов, Теректі ауданы әкімі аппаратының персональды басқару және кадр бөлімінің басшысы Сәкен Идресқалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алима Лұқпанова өз қызметтеріне байланысты туындаған сауалдарға оң жауап ала білді.

Әрі қарай аудан әкімдігінде «Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері» тақырыбында жиын өтті. Аталмыш жиынға Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев төрағалық етті.

Әділет Әлібекұлы,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале