Жыл сайын 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні елімізде кең көлемде аталып өтеді. Осы кәсіби мерекеге орай Жаңақалада «Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен ел дамуына қосар үлесі айтылып, сала мамандарының еңбегі лайықты бағаланды.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев мемлекеттік қызметтің халық пен билік арасындағы сенімді байланыс екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби адалдық пен жауапкершілікке негізделген бұл саладағы қызметтің маңызын ерекше сөз етіп, сала ардагерлеріне алғыс білдірді.
Кеш барысында үздік қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, «Қызмет» БҚО мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қызметшілер салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Абзал Ахметов, Ақнұрлы Еслямғалиева, Гүлжан Бижанова, БҚО қоғамдық даму басқармасының алғысхатымен Айзере Маратова, аудан әкімінің алғысхатымен Көсем Рахим, Анар Құспанова, Алтын Бижанова, Назар Адиетов, Ардақ Жақсыбаева, Светлана Бақтығалиқызы, Гүлжан Жұмашева марапатталды.

Сондай-ақ, қызметкерлердің ата-аналары да назардан тыс қалмады. Қайсар Нұғмановтың анасы Талиға Давлетова, Салтанат Мақсотованың анасы Жаңылдық Амирова, Гүлмарал Даулетованың анасы Сұлушаш Хисяноваға алғысхаттар табысталды.
Мерекелік кеш мәдени демалыс орталығының өнерпаздарының ән-шашуымен әрленді. Бұған қоса, интеллектуалдық ойын нәтижесінде жүлдегер командалар марапатталып, оларға аудан әкімінің аппаратының басшысы Айдар Қаресов пен жастар ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешев естелік сыйлықтар ұсынды.

Бүгінде Жаңақала ауданында 93 мемлекеттік қызметші халық игілігі жолында еңбек етуде. Бұл мереке – олардың елге деген адал қызметін дәріптейтін, болашақ ұрпаққа үлгі болатын тағылымды кеш болды.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы