Жуырда Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің ІV отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Д.Жарасов бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндама жасап, Семей ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін, І топ мүгедектеріне берілетін әлеуметтік көмек жайында хабарлама жасады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Р.Ғұмар білім беру бөлімінің есебін айтып, аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларды ыстық тамақпен қамтуға қанша қаражат бөлінгендігі жайында ақпарат берді.
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы 2021 жылғы қорытындысы туралы хаттама жасап, мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығын атап, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін жеткізді.
Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Жақашев Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндама жасап, жер учаскелерін беру туралы, шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға тегін тасымалдау жөнінде хаттама жасады. Көпжасар ауылдық округінің әкімі Н.Бектілеу Көпжасар ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы жүйелеп айтып, елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру, демалыс күні жатақханадағы оқушыларды үйлеріне таратып, сабақ басталғанда кері жинау сынды мемлекеттік қызметтердің барын хабарлады. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері Н.Тасмағамбетова шетелдік туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы нақтылап айтып, туристерді орналастыру орындары туралы қысқаша мәлімет берді.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz