23.06.2023, 10:30
Оқылды: 51

«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым»

Қоғамның бір бөлігі жастар – еліміздің ең белсенді қозғаушы күші. Олар Жаңа Қазақстанды  қалыптастыру мақсатында білімімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен үлес қосуда. Мұндай жастар мемлекеттік қызметте де тер төгіп жүр. Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып жүрген Аслан Өтеш – сондай жастардың сапынан.

IMG-20230614-WA0026

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын ол 2020 жылы Казталов ауданы әкімі аппаратында бас маманы болып бастаған. Ауданымызға былтыр келген.

Казталов ауданы, Қайыңды ауылының тумасы Аслан Нұрланұлы 2014 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдайды. 2018 жылы диплом алып, «Жастар практикасымен» Казталов ауданы әкімі аппаратында жұмыс жасаған. Кейін 2018-2019 жылдары әскери борышын өтеп келіп, Казталов ауданы әкімі аппаратында бас маман қызметін жалғастырады.

2022 жылы Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне келді.

- Мемлекеттік қызметке оқушы кезімнен қызығып, университет қабырғасынан осы өзім қалаған мамандықты алып шықтым. Мемлекеттік қызметкер болу мен үшін зор мәртебе. Өзім елге адал қызмет етуді басты мақсатым санаймын. Менің ойымша, мемқызмет халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір іспетті. Бұл салада еңбек ету үшін білім мен біліктілік, жауапкершілік пен төзімділік қажет. Керек кезде шешім қабылдай білген де дұрыс. Өз мамандығын жақсы көретін әрбір адам жүктелген жұмыстың қиыншылығына қарамайды, - дейді Аслан Өтеш.

 

Нұргүл Ізім,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале