18.11.2025, 17:00
Оқылды: 78

Мемлекеттік қызметкерге құрмет көрсетілді

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданның ветеринария саласы ұжымдарының қызметкерлері мен Саралжын ауылдық округінің бас мал дәрігері Кенжебай Қындыбайұлын қабылдады.

Зейнет жасымен құттықтады 4

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы бір салада, бір округте  ұзақ жылдар абыройлы қызмет жасап келе жатырған округ әкімі аппаратының бас маманы Кенжебай Қындыбайұлын зейнет жасымен құттықтады. Мерейлі жас иесін алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар Қадыржан Орынбасарұлы зейнеткерлік жасқа толған Кенжебай Қындыбайұлына облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің, аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Есенамановтың  алғыс хаттары мен аталмыш ұжымдар сыйлықтарын және «Батыс Қазақстан облысының ветеринариясы» қоғамдық ұйымының  «Ветеринария саласында  ұзақ жылдар сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Зейнет жасымен құттықтады 2

Аталмыш іс-шарада аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Есенаманов, басшының орынбасары Ерлан Бердіғалиев, аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ерлан Сүйеуғалиев, аудандық малдәрігерлік зертхана басшысы Нұрсауле Смайловалар жыл лебіздерін білдіріп, Кенжебай Қындыбайұлын зейнет жасымен құттықтады.

Өз кезегінде сөз алған Кенжебай Қындыбайұлы аудан басшысы мен әріптестерінің құрметіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Зейнет жасымен құттықтады 1

Кенжебай Қындыбайұлы еңбек жолын Кеңшарда мал шаруашылығы саласынан бастаған. Әуел баста «Жігер» комсомол жастар бригадасында  қызмет атқарған. Орал қаласындағы Орал ауылшаруашылығы техникумында оқып, ветеринария саласы бойынша  ветеринарлық фельдшер мамандығын алып, оқу бітірісімен ауылға келіп, аға мал дәрігері қызметіне кіріскен. Содан бері осы Саралжын ауылында ұзақ жылдар аға мал дәрігері болып қызмет жасап келеді.

                                                         Ерболат Райсов,

                                                          Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале