Бүгін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 23 маусым - ҚР мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай ерлер мен әйелдер арасында волейболдан аралас турнир өтті.
Турнирге ауылдық округі әкімдігі, Шыңғырлау ауылдық округі, аудан әкімі аппараты, ішкі істер бөлімі, «Арлан», «Сұңқар» командалары қатысып, бақтарын сынады.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында жылдағы дәстүр бойынша өткізіліп жатқан сайысты аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Сағынгереев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде І орынды ішкі істер командасы жеңіп алса, ІІ орынды аудан әкімі аппараты иеленді. Ал, «Арлан» командасы ІІІ орынды еншіледі. Жеңімпаздарға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова алғысхаттар,
медальдар мен кубоктар табыс етті.
Сондай-ақ Д.Тауова «Үздік байланыстырушы», А.Сартов «Үздік ойыншы», Е.Шайымбетов «Үздік шабуылшы», Т.Байғалиев "Үздік қорғаушы" аталымдары бойынша марапатталды.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz