20.03.2025, 21:30
Оқылды: 60

«Мемлекеттік қызметсіз өмірімді елестете алмаймын» – Ауған Алмурзин

2022 жылдан бері Көшім ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Ауған Алмурзин – көпке үлгі қылып айтуға тұрарлық мемлекеттік қызметшілердің бірі.

IMG-20250320-WA0011

​1973 жылы Қаратөбе ауданында дүниеге келген ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының экономика және бухгалтерлік есеп факультетін бітірді. Еңбек жолын Теректі ауданында есепші болып бастаған. 2003 жылы Теректі ауданының Придорожный ауылының әкімі болып тағайындалды. 2007 жылы Зеленов ауданына қоныс аударып, Көшім ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, округ әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылы Янайкин ауылдық округінің әкімі болып сайланады.
Бүгінде жолдасы Ақмоншақ Өтепқызы екеуі төрт бала тәриелеп отыр. Спортты жанына серік еткен Ауған Ғарифоллаұлының айына жоқ дегенде бір кітап оқымаса жаны тыныш таппайытын көрінеді.
- Мемлекеттік қызмет – халықпен тікелей әрі жүйелі түрде байланыста болатын сала. Маған ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу ұнайды. Әр күні жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер бар, бұл жұмысымды қызықты әрі маңызды етеді. Егер қызметті қайта таңдау мүмкіндік туса, ойланбастан мемқызметті қайта таңдар едім. Себебі, онсыз өмірімді елесте алмаймын.

IMG-20250320-WA0007
Мемқызмет маған көп нәрсе берді. Бұл жер – үлкен тәжірибе алаңы. Сол себепті осынау қызметті атқара жүріп ұйымдастырушылық қабілетімді дамытып, тұрғындармен тиімді әрі жүйелі жұмыс істеуді және түрлі деңгейдегі әріптестеріммен, басшылармен қарым-қатынас қарым-қатынас жасауды, мәдениеттілікті үйрендік. Сондай-ақ, саяси, заңнамалық тұрғыдан білімімді тереңдетіп, басқарушылық дағдыларымды шыңдадым. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» демекші, бұл салада әлі де үйренерім көп.
​Жалпы мемлекеттік қызметте үлгі тұтар тұлғаларым аз емес. Мысалы, қарапайым халықпен тығыз жұмыс істеп, өз ісіне адал, әділ болып, алға қойған мақсат-міндеттерді орындай білген әріптестерім – мен үшін нағыз үлгі. Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың орны бөлек. Ол кісінің көшбасшылық тұлғасы мен қайраткерлігінің өзі неге тұрады?!

IMG-20250320-WA0008
Президентіміздің өзі: «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет бұл – жоғары лауазымға ие болу емес. Мәселе – мансап емес. Мәселе – мемлекетімізге, халқымызға адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу - антқа адал болу деген сөз» деген болатын. Бұдан артық не айтуға болады? Біздің бағыт-бағдарымыз осы болуы керек, - дейді Ауған Ғарифоллаұлы.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале