Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында ел дамуына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, еңбегі еленген азаматтарды марапаттады.
Марапат иелерінің қатарында Жаңақала ауданының да бірқатар еңбек адамдары бар.

Атап айтқанда, «Сабен» шаруа қожалығының басшысы Хамит Сабенов пен «Бірлік мал зауыты» ЖШС механизаторы Ермек Едресов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат — туған жердің өркендеуіне адал еңбек етіп жүрген азаматтарға деген жоғары құрметтің айғағы.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы