Бүгін Тұңғыш президент алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.
Өңір басшысының алғыс хатында:
-Су тасқыны кезінде сіз көрсеткен азаматтық ұстаным, өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсетудегі жанашырлық пен ішкі серпін терең құрметке лайық,- делінген.
Сондай-ақ ауданымыздың тәжірибелі әншісі, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Айбек Дәулетқалиевтің «Рәміздерім – қадірлім» әні шырқалып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы