27.05.2025, 11:00
Оқылды: 286

Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі айтылды

Бөрлі аудандық әкімдігінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау» атты семинар өтті. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлова жүргізді. Аталған жиынға ауыл әкімдері, аурухана басшылығы, мектеп, балабақша басшылары мен қызметкерлері қатысты.

рааааа

- Мемлекеттік рәміздер – кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Туған жерге және елге деген мақтаныш, құрмет ең алдымен еліміздің рәміздерімнен басталады деп ойлаймын. Бірақ, өкінішке орай мемлекеттік рәміздерді насихаттап, қолданып жүрген мемлекеттік мекемелердің өзінде рәміздерді пайдалануда өрескел бұзушылықтарға жол беріліп жатады. Сондықтан да аталмыш семинарды өткізудеміз, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Қуандыққызы.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының қолдану орындары, ғимараттарда орналастырылатын мемлекеттік рәміздерге қойылатын техникалық талаптар (өлшемдер), ҚР Мемлекеттік Гимнінің пайдалану тәртібі туралы айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді пайдалануды реттейтін нормативті-құқықтық актілер, рәміздерді қорлау кезіндегі салынатын айыппұл мөлшері туралы ақпараттар берілді. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары да оқылды.

рррррр

Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы семинар қатысушыларына алдағы уақытта мемлекеттік мекемелердегі рәміздерді тексеру бойынша мониторинг өтетіндігін хабарлады.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале