14.02.2023, 12:01
Оқылды: 51

Мемлекеттік  жобалар түсіндірілді  

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сай 13 ақпан күні Казталов ауданында әкімдердің халықпен кездесулері басталды.

20230213_151500

Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде өткен халық жиындарына аудан әкімі Рүстем Зұлқашев және салалық бөлім басшылары қатысып, округ тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Rездесулерде сөз алған аудан басшысы Рүстем Мүлкайұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Әкімнің айтуынша, әр тоқсан сайын өтіп жатқан жиындарда аудан тұрғындар тарапынан негізгі 35 мәселе көтерілген болса, оның 9-ы орындалып, 15-і орындалу үстінде. Ал қалған мәселелерге қатысты деңгейіне байланысты жұмыстар жоспарлануда.

20230213_114548

Қараоба ауылдық округінде көтерілген мәселелерге тоқталсақ, қараобалық ағайындар Казталов-Қошанкөл-Қараоба бағытындағы жолдың жөнделуі, жолды күтіп ұстау, жұмыссыздықты жою үшін грант, несие алу, ауылға техникалық су тарту, Қараоба ауылында 60 орындық спорт кешенін салу жөнінде сауалдарын жолдады.

Қошанкөлде «Қарлығаш» бөбекжайына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасау, Ордабай ауылына шағын футбол алаңын салу, Қошанкөл, Ордабай ауылдарындағы электр қуатын тарататын трансформаторды ауыстыру, Қошанкөл ауылына кіретін жолға, көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді ортақ шараларды көтерді.

20230213_114529
Тереңкөл ауылдық округінде де тұрғындарды толғандырған сұрақтар баршылық. Мәселен, ауыл ішіндегі көше жолдарына күрделі жөндеу, фельдшерлік-акушерлік пунктіне күрделі жөндеуден өткізу, ауыл шетіндегі қоқыс полигонын қоршау, Беспішен, Мереке елді мекендеріндегі бөгеттерді тереңдету, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді тиімді пайдалану жөнінде сауалдар қойылды.

Жиындар барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы елімізде басталып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының алғы шарттарын түсіндірді. Жобаның мақсаты - ауылдағы халықтың әл-ауқатын арттыру. Пилоттық жобаға Казталов, Жалпақтал, Бостандық ауылдық округтері қатысуда. Ендігі кезекте аудандағы басқа да округ тұрғындарын аталмыш жобаға қатыстыру туралы шешім қабылдаған.

Сонымен бірге аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Шарипов жұмыссыздарға «2021-2023 жылдарға арналған ұлттық жоба» арқылы қайтарымсыз грант, несие алу, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас»,  «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жастар практикасы» бағдарламалары турасында баяндап берді.

Кездесулер соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен де қабылдады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале