18.08.2023, 12:30
Оқылды: 29

«Мемлекеттің диқандарды қолдауына ризамыз»

Үкімет тарапынан Ресейден әкелінетін бидай экспортына шектеу қойылғандығының пайдасын бәйтеректік диқандар да көріп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданынан сапары кезінде «Хамино» ЖШС-ның директоры Александр Лихачев мәлімдеді.

IMG-20230818-WA0027

-Үкімет қаулысы шыққаннан кейін тауар өндірушілер ресейлік арзан бидайға үміт артуын тоқтатқаны бірден байқалады. Бұрыннан бері серіктес болып келе жатқандар «сізден әзірге осынша көлемде алайық, күзде тоқтатуымыз мүмкін» дегендер қазір сол сөздерінен айнып, байланысымызды одан әрі дамытуға мүдделік танытып отыр. Мемлекеттің мұндай қолдауына біз ризамыз, - деді Александр Яковлевич.

жп дала (2)

Өңір басшысының сұрағына жауап берген аталмыш шаруашылық жетекшісінің сөзіне қарағанда, мұнда 40 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 250 мың теңге. Еңбекақы, салық, тағы басқасы уақтылы төленеді. Кадрға қатысты мәселе жоқ. Қызметкерлерге екі есеге төмен бағада мал азығы, бидай және тағы басқасы беріледі. Серіктестік иелегінде 6,9 мың гектардай жер болса, 4,6 мыңнан астамы егістік. Биыл 3,7 мың гектардан аса жерге дән егілді. Қазіргі таңда 1108 гектар жерге себілген күздікті толықтай жинап болды. Одан орта есеппен гектарына 20 центнерден өнім алған.

жп дала (3)

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

жп дала (4) жп дала (6) жп дала (5)

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале