30.08.2021, 14:09
Оқылды: 9

Мен депутат болдым

86-бап

     1. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

     2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.

     3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

 ***

Мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабы негізінде өз құқығымды жүзеге асырған азаматпын.

Осыдан бір жыл бұрын «Nur Otan» партиясы праймериз жариялап, үлкен науқан өткізгені естеріңізде болар. Партия Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау мақсатында жүзеге асырған шарада партия маған үлкен сенім артты. Мен партия атынан аудандық мәслихатқа депутат болуға үміткерлер қатарына ендім.

68A195A0-899D-43FC-BA2B-E4736DFC8AF6

Қараша айына дейін партияластарыммен бірге жүріп халықпен кездестік. Сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Ел ішіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халық жинаған басқосулар өткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, әлеуметтік желілер арқылы, "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы, экспромт-кездесу жəне "Есiктен есiкке" акциясы аясында ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтердегi тұрғындармен жүздесiп, тыныс-тiршiлiгiмен таныстым.

Халықтың ыстық ықыласы, «Nur Otan» партиясына сенiм артуы менi жiгерлендiрдi. Нәтижесінде, мен "Nur Otan" партиясы атынан Теректi аудандық мəслихатының депутаты болып сайландым.

Депутат болып, халық мүддесін ұстану – зор жауапкершілік. Теректiлiк тұрғындар артқан жауапкершiлiгi мол жұмысты абыроймен атқару - мен үшiн үлкен мəртебе.

Осындай маңызды қызметті атқаруға халық арасынан шыққан адамды сайлау құқығын қарастырған Конституциямыз бары біз үшін зор  мақтаныш.

Алдағы уақытта "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша филиалының сайлауалды бағдарламасында айтылған жобалардың жүзеге асуына ықпал етiп, жерлестерiмнiң игiлiгi үшiн қызмет етемiн.

Сержан Идиятов,

аудандық мәслихат депутаты,

кәсіпкер

«Теректі» шаруа қожалығының басшысы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале