25.01.2017, 12:27
Оқылды: 48

Мердігер салғырттық танытуда

syrym gaz  Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Сарой ауылдық округіне қарасты Көздіғара елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі ауыл әкімінің есептік кездесуінде көтерілген мәселелер бойынша ауылға арнайы келді. Тұрғындардың көтерген негізгі мәселесі - газ бен жол.


  Ауыл тұрғыны Данагүл Рахымованың айтуынша, мердігерлер елді мекендегі тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосудың ішкі жұмыстары кезінде көп салғырттықтарға барған. Сол салғырттықтың зардабын енді тұрғындар көріп отыр.

  Мәселені тыңдаған "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Сырым аудандық филиалының басшысы Нұржан Жолдасбеков себепті мердігерлердің құжат жұмыстарын ұзақ уақытқа созып жіберуіне қарай бұрды. Мәселе бар. Бірақ қараусыз қалмайды, тиісті қам жасалынады. Себебі, бастысы – қауіпсіздік, яғни адам тағдыры. Аудан әкімі Абат Шыныбеков тиісті басшыларға мәселелерді аса мұқият қарауды тапсырды.

  Еске сала кетсек, былтыр осы Көздіғара ауылында тұрғын үйге газ жүргізу кезіндегі қателіктен жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді.

Бауыржан Ширмединұлы

 Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале