25.05.2024, 10:00
Оқылды: 102

Мердігерлердің жұмысқа бейжай қарамағаны абзал 

Кеше «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалдың ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аудан бойынша жол, жаяу жүргіншілер жолы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар бойынша жиын өтті.

442473506_1016056717190669_1797322789278844171_n

Жиынға аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаев, аудандық мансап орталықтың директоры Миранбек Ибатов, «КаНурСтройСервис» ЖШС, «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Алау Эксперт Инжиниринг» ЖШС,«Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС, «СП Бірлік Инжиниринг» ЖШС, «КустанайСпецСтрой» ЖШС, «АДС САПА» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Серікұлы аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және ауылішілік көше автомобиль жолдары нысандары, жаяу жүргіншілер жолы нысандары бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар мансап орталығының директоры Миранбек Нұрланұлы жұмысшыларды жұмысқа алу орталық арқылы жүргізілетіндігін айтып, мердігерлерден қай нысанға қанша жұмысшы жетпей отырғанын сұрап, жиыннан кейін мердігерлермен орталыққа барып, жұмысқа алу бойынша жұмыстанды. Жиын барысында Жақсылық Каримоллаұлы нысандар бойынша орын алған мәселелерге тоқталып, мердігерлерге ескерту жасады. Құрылыс маусымы қысқа екендігін қаперге беріп, мердігерлердің жұмысқа бейжай қарамай, заң бойынша жұмыс жасауларын талап етті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале