15.03.2026, 12:50
Оқылды: 12

Мерей ауылының келіндері ұйымшылдық танытты

Мерей келіндері 2

Мерей келіндері 5

Бүгін Мерей ауылының келіндері бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, біркісідей  референдум  учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешімдерге белсенді түрде қатысуының айқын көрінісі.

Бұл бастама ауыл тұрғындары арасында ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтып, жастарға үлгі боларлық жақсы дәстүрдің қалыптасуына ықпал етеді. Бірлікпен келген келіндер референдумның маңыздылығын түсініп, әр азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Референдум күні ауыл келіндерінің ұйымшылдықпен келіп, дауыс беруі – халықтың бірлігі мен жауапкершілігінің айқын белгісі болмақ.

Бүгінгі дауыс беру – ел үшін маңызды күндердің бірі. Өйткені, дауыс беру – әр адамның жауапкершілігі деп білемін. Сондықтан менде бүгін  бір үйдің келіні әрі  жас ана ретінде елдің болашағына бейжай қарамайтынымды білдіріп,  өз таңдауымды жасадым. Бұл менің  азаматтық борышым. Барша ауылдастарымды да  белсенді болуға шақырамын-дейді мерейлік Динара Қуанышева.

Ия, ауыл келіндері әрдайым отбасының берекесін келтіріп, қоғамның тұрақтылығы мен дамуына үлес қосып жүрген жандар. Сондықтан, бүгін олар да ел тағдырына қатысты маңызды қадамнан тыс қалмай, өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытты.

Болатбек Сапарғалиев

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале