7.03.2017, 11:10
Оқылды: 52

Мерейтой иесіне арналды

 

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде ауданның құрметті азаматы, жергілікті қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов және мерейтой иесінің замандас-жолдастары қатысты.


-Бекет Әліпқалиұлы ұзақ жылдар аудандық ішкі істер бөлімінде абыройлы қызмет атқарды. Бүгінде зейнеткер болса да, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүреді. Ол өз ортасына сыйлы азамат, жас ұрпаққа үлгі болардай жан. Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңыздың амандығын тілеймін. Бала-шағаңыздың ортасында ұзақ ғұмыр жасаңыз, - деді аудан басшысы.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев те кеш барысында мерейтой иесін барша аудан ардагерлері атынан құттықтап, лебізін арнады.

Мұнан соң аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен шараға жиналған ардагерлер мерейтой иесіне арнап ән мен күйден шашу шашты.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале