25.12.2020, 14:32
Оқылды: 15

Мереке аясындағы марапат

Жуырда «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ауданымызға іс сапармен келді.

Мереке қарсаңындағы марапат (1)

Карантин шараларын сақтай отырып, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшинмен, аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында карантин уақытындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі, денсаулығын сақтау, еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешу кәсіподақтардың негізгі жұмысы екендігіне тоқталды.

Одан соң кәсіподақ мүшелерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, денсаулық, жаңа жетістіктер тіледі.

Мереке қарсаңындағы марапат (2)

1986 жылдан кәсіподақ комитетінің президиум мүшесі ретінде қоғамдық қызметтер атқарған, кәсіподақ қозғалысын дамытуға, кәсіподақ ұйымдарын құруға белсене қатысқаны үшін аудан басшысы Н.Қадырбайұлына «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің атынан «Кәсіподақ қайраткері» медалін табыстады.

Сонымен қатар ұзақ жыл аудандық мемлекеттің мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы болып қызмет атқарған Закария Сисенғалиді облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале