Көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шыңғырлау ауданында «Әлем сұлу әйелменен» атты салтанатты шара өтті. Отбасының шырағы болып қана қоймай, ел игілігі үшін де аянбай еңбек еткен апа-әжелер, алтын құрсақты аналар кеште қонақ болды.
Шыңғырлау ауданының экономикасының өсіп-өнуі, мәдениетінің дамуы мен ұрпақ тәрбиесі жолында табысты еңбек еткен қыз-келіншектер қауымын аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев мерекемен құттықтап, марапаттады. Еңбек ардагерлері, алтын, күміс алқа иегерлері, жалпы 20-дан аса адам аудан әкімі атынан алғысхаттар алды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербей білетін әйелдер қауымына қанша құрмет көрсетілсе де артық емес.
Салтанатты шарада апа-әжелер дөңгелек үстел басына жиналып, салиқалы, салмақты сөздерімен, есті әңгімелерін өрбітті.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz