7.03.2025, 12:45
Оқылды: 497

Мерекеге орай Казталов ауданында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

Өмірде ізгілік пен нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келген әйелдер қауымының меркесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Казталов аудандық мәдениет үйінің фоэсінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

IMG20250307110319 (1)

Көрменің негізгі мақсаты — халықтық қолөнерді, соның ішінде, нәзік жандылардың қолынан шыққан дүниелерді насихаттап, салт-дәстүр, мәдениетімізді насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойына сіңіру және дәріптеу.

IMG20250307102401
«Көрген де арманда, көрмеген де арманда» демекші, шебер әйелдердің қолынан шыққан дүниелер көздің жауын алады. Қолөнердің өнердегі алатын маңызы орасан. Ата жолын ардақтап, келер ұрпаққа өнеге беріп отырған қолөнершілердің еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Ата-бабалардан сақталған мұраны жалғастырып келе жатқан қолөнер шеберлеріміздің бары шексіз қуантады. Солардың бірі — Гүлжиян Исмагулова.

Гүлжиян Исмагулова
Гүлжиян Гарифқызы ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет жасап, бүгінде зейнет демалысында. Ардақты ұстаз салауатты өмір салтын насихаттап, тоқыма өнерімен айналысады және фото суретке түсірудің шебері. Шебер анамызды әңгімеге тарттық.
— Мен қыз күнімнен тоқимын. Тоқуды марқұм анам үйретті. Бұрын жұмыста жүріп, тоқуға көп уақытым болмады. Зейнетке шыққасын тоқуға қайта оралдым. Шүкір кәсібім жаман емес, тапсырыстар түсіп тұрады. Тоқу өнері үлкен жауапкершілік пен уақытты талап етеді. Бір жағынан бос уақытыңды тиім пайдаланып, табыс табуға болады, - деп ағынан жарылды анамыз.

IMG20250307102414 (1)
Шеберлер көрмесімен Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов танысып, өнерлі жандардың қолынан шыққан әдемі дүниелерге оң бағасын берді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале