Ұлыстың Ұлы күніне орай Шалқар ауылдық округінде «Шуақ шашқан Наурыз» атты шара өтті.
Округ әкімі Сабырбек Мусин көпшілікті құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Ақсақалдар елге батасын арнап, әжелеріміз шашу шашты. Ал ауыл өнерпаздары әсем әндерін әуелетті. Одан әрі ұлттық ойындарға ұласты. Айталық, жастар жетекшісі Ерхат Шмитовтың ұйымдастыруымен арқан тартыс, қазақша күрес, гір тасын көтеру және ерлер арасындағы волейбол болды.
Волейболдан жүлделі 1-орынды «2000 жылғы» тобы жеңіп алды. Екінші орын «Ауыл жастарына» бұйырды. Ал 3-орынды «1994 жылғы» командасы иеленді.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz