Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы орталық алаңда жәрмеңке ұйымдастырылды.
Қолжетімді бағамен лотерея билеттері ойнатылды.
Жауған қар да халықтың көңіл күйін еселей түскендей. Дауыс бермесе де, сайлаудың маңыздылығын ұғынғандай, орталық алаңнан тай мінген балалар да табылды.
Сыртқы сахнада концерт ұйымдастырылып, мерекенің нышаны сезілді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz