Жаңақала ауданында 23 маусым - Қазақстан полициясы күніне арналған «Елге қызмет – абыройлы міндет» мерекелік концерті өтті.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.
Елдің, ұлттың мәртебесін көтеретін, абыройын асқақтататын бүгінгі мереке иелерін аудан әкімі Дархан Әмірханұлы арнайы құттықтап, қызметкерлерді марапаттады.
Жаңақала ауданының полиция бөлімінде ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарып, құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлерді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ержан Макишев марапаттады. Аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция подполковнигі Файл Нұрғалиев мереке иелеріне ізгі тілегін білдірді.
Арайлым Айденова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz