Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің басты қағидаларының бірі – үлкенге құрмет көрсету. Бұл күні жасы кіші азаматтар үлкендердің алдына сәлем сала барып, батасын алады.
21 наурыз күні Казталов ауылдық округінің әкімі Арман Ғалымов және округтік Аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина Наурыз мерекесі қарсаңында көпбалалы ана Майра Байболова және еңбек ардагерлері Сапура Арыстанова, Заря Бектілеуова, Шарипа Нығметова, Розагүл Маулетқалиева, Қайша Тасмұқанбетованың шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, арнайы алғысхат табыс етті.
Көпті көрген, аузы дуалы жандардың ғибратты әңгімелері мен еңбек жылдарындағы елеулі еңбектерін баяндап, сырын шерткен асыл жандар Арман Максимұлы мен Нұрия Самиғоллақызына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы,
zhaikpress.kz