Алматылық ағайынды кәсіпкерлер Елдос пен Айдос Айдынғалиұлдары өздерінің ата-бабасының топырағы – Ақжайық ауданындағы Мерген ауылына қамқорлық көрсетті.
Олар бұл ауылдың М.Әуезов және Құрманғазы атындағы көшелеріне 20 заманауи шам орнатып берді. 1 300 000 теңгеге түскен жұмысты, сымды жаңалауына дейін бұл жігіттер мамандармен бірге жүрді.
Екеуі есімі алысқа мәлім емші Дініш Қоспаевтың немерелері болып табылады. Айта кетейік, өткен жазда Елдос пен Айдос осы аталары мәңгі тыныс тапқан Бударин ауылы тұсындағы қорымды қоршап беріп, халықтың алғысына бөленген еді. Міне, Мергенге айтулы көмектері үшін де көпшіліктің ризашылығына кенелді.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!