Бүгін Қаратөбе аудандық мешіті жанынан асхана ашылып, садақа берілді.
Садақаға ауданның ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері шақырылды. Игі істің игілікке берілуіне байланысты садақада облыстық мешіттің найб имамы Самат Алибаев, аудандық мешіт имамы Әділжан Бекқазиев, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, ауыл ақсақалдары Орынғали Ермекқалиев, Аманжан Әнесов, Жамбыл Тоқжанов, ардагер ұстаз Гүлбағида Қорғанова сөз алып, атқарылған игі іске байланысты өз ойларын ортаға салып, құтты болсын айтты.
– Игі іске ризамыз. Аудан халқының бірлігімен мешіт жанынан екі жыл мерзім ішінде асхана салынып, пайдалануға берілді. Ауыл адамдары, кәсіпкерлер, аудан басшылығы асхананың салынуына өз үлестерін қосты. Жақсылықтары Алладан қайтсын. 200 орындық асханада Қазақстан діни басқармасымен бекітілген 10 тамғам түрі бойынша садақалар, сүндет тойларын өткізуге болады. Бұл бірлігі мен тірлігі жарасқан қазақы ауыл, Қаратөбе халқының ұйымшылдығының арқасында салынып отыр, Алла тағала разы болсын,- дейді аудандық мешіт тің бас имамы Әділжан Төлебайұлы.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz