Қазан айының 20-сы күні аудандық мешітте Қаратөбе аудандық "Зағиптар" жəне"Ізгілік" қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған "Өз өміріңді өзгерту өз қолыңда" тақырыбындағы танымдық іс-шараға аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, аудандық мешіттің имамы, қоғам белсенділері қатысты.
Танымдық іс-шараны теолог-маман Әмірбек Жәнібеков жүргізіп отырды.
Аталмыш іс-шара мешіт үйінен бастау алды.
Кездесу барысында сөз алған аудандық мешіт имамы Əділжан Бекқазиев: "Аллаға тағалаға сиынып, тəубе етейік. Сонда Алла тағаланың мейірімі мен жəрдемі тиеді. Адамның бойындағы асыл құндылықтар - қанағатшылдық, сабырлылық, төзімділік және қайырымдылық қасиеттері. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген құштарлық пен еңбекқорлық жəне қиындықтарға мойымай түрлі қоғамға пайдасы тиетін игі істерді қолға алып, жігерлілік танытып жүргендеріңіз бізді қуантады. Сіздерге, Алла тағаланың мейрімі жаусын" - деді.
Айтулы ізгілікті іс-шараның қоғамдағы маңызы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин айтып берсе, "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин ауданның əлеуметтік - əл аухаты мен экономикасын арттыру бағытында партия филиалының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта партия бағдарламасы аясында жүргізілетін игі істермен таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар мешіт үйінің кітапханасындағы кітаптармен танысты.
Мешіт асханасында іс-шараға қатысушыларға дастархан жайылып, жылы ілтипат білдірілді.
Дастархан басында мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің көкейлерінде жүрген ой-пікірлерін айтып, ұсыныстар тастады.
Айтулы шараға шақырылған аудандық аурухананың оташы-дәрігері Нұрбол Нұрланғазыұлы көпшілікке белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін, зағиптар қоғамының төрайымы Анаргүл Темірғалиева Сағынғали Сейітовтың «Қаратөбем» өлеңін мәнерлеп айтып берсе, қобызшы Гүлайым Қайырғалиева мен күйші Қайрат Байғұтты бірнеше күйлер мен термелер орындап берді.
Дастарқан басында Саягүл Сәрсенғалиева, Мейрамгүл Хамзина, Қырым Мырзагереев, Ибрай Төлегенов және тағыда басқалар ой-пікірлерін ортаға салып, өздеріне құрмет көрсеткен іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғыстарын айтса, Самат Акимов «Алладан басқа тәңір жоқ» атты терме орындады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар іс-шара барысында денсаулықтарына байланысты аудандық аурухананың оташы-дәрігері Нұрбол Нұрланғазыұлына бірнеше сауалдар қойып, жауаптар алды
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz