Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде сайлау учаскілеріне қарай ағылған халықтың қарасы қалың.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тұрғындардың қауіпсіз қатынауы үшін бар жағдай қарастырылған. Округ орталығында тегін көліктер ұйымдастырылды. Округте №164, №206, №207, №208, №209, №210 сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. Мичурин ауылдық округінде 7078 адам сайлау құқына сай өз таңдауларын жасауда.
- Мичуринда тұрып жатқаныма биыл 50 жыл болды. 1973 жылы 18 жасымда көшіп келгенмін. Ауылымыз гүлденіп келеді. Бүгінгі сайлау біз үшін үлкен мереке. Себебі, ауыл әкімдерін халықтың сайлауы Мемлекет басшысының тапсырмасымен билік пен бұқараның арасын жақындату мақсатында қолға алынған оң шара деп білемін. Әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді» дейді алғашқылардың бірі болып келген ауыл тұрғыны Мағрипа Чентасова.
Саяси науқанның заң аясында өтуін 5 бақылаушы қадағалап отыр. Заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ.
Нұрсәуле Әбілпейсова
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz