Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық клубында Республикасы күніне орай "Айналдым сенен Атамекенім" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Әуелете ойнаған патриоттық әндер мен әдемі безендірілген сахна мерекенің мәні мен сәнін аша түсті.
Концерт шымылдығы ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылған соң, аудан әкім аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов пен Мичурин ауылдық округі әкімі Максим Мұсалимов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Кеште жергілікті әнші Аягөз Бейісова “Қазақстан”, “Әсем әуен” балалар вокал үйірмесінің тәрбиеленушілері “Отан” әндерін шырқап, көрерменді рухтандыра түсті. Ал Достық ауылынан Дилора Сағын “Родная земля” мен “ Елім менің”, мичуриндық Нұрсұлу Қажғалиева “Деревня моя”, Эркольд Ибрагимов “Старый вальсок”, Құрманғазы Қайрлиев “Елге сапар” әндерімен кештің көркін қыздырды. Сондай-ақ "Назгүл Жанғали" би студиясының бишілері мен Руханна Мұхтарова мың бұралған биімен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мерекелік концерт “Атамекен” әнімен тәмамдалды.
Нұрсәуле Жәнібекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz