29.10.2024, 0:00
Оқылды: 2

Мичурин ауылында «Tomiris Grand Hall» мейрамханасы ашылды

Мичуринде жаңа мейрамхана – Tomiris Grand Hall өз есігін қонақтарға айқара ашты. Ұлттық дәм мен ерекше асхананы заманауи үлгіде ұсынған бұл жаңа орын қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше талғамға толы мәзірімен және жайлы атмосферасымен қуантуды мақсат тұтады. Шараның ашылу салтанатына қатысқан Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев кәсіпкерлердің мемлекетке үміт артып отырмай, өз күшімен еңбектенуін қолдап, сәттілік тіледі.

TOMIRIS (2) (1)

- Бүгін тағы бір бизнес нысаны ашылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған тапсырмасы еліміздің әрбір азаматының өз күшімен алға ұмтылып, бизнесін дамытуы. Бұдан бөлек жаңа жұмыс орындарын ашуы. Міне осы мақсатты орындау барысында осынау нысан бой көтерді.120 млн теңге қаражат кәсіпкер өз қалтасынан шықса, 100 млн теңге мемлекет қолдау көрсетті. Сондықтанда әрбір азамат кәсіп көзін тауып, ісін алға өрлетсе, мемлекет тарапынан әрқашанда қолдау бар. Сонымен қатар бұл жерде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Ол да халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпалын тигізбек. Бүгінгі осындай қуанышты сәтте кәсіп иесі Бәтила Самарбайқызына аудан әкімінің атынан алғыс білдіреміз. Өйткені, ол кісіні тек кәсіпкер ретінде ғана емес, сондай-ақ қайырымды іспен айналысатын, одан бөлек туған жерімізді көгалдандыруға атсалысып жүрген азаматша ретінде жақсы білеміз,-деп іскер жанға гүл шоғы мен естелік сыйлық ұсынды.

Өз кезегінде елдің ықыласына риза болған кәсіпкер Бәтила Қапезова көпшілікке алғысын білдірді.

TOMIRIS (1) (1)

- Бүгін осында келіп, қуанышымызды бөліскендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз бізге өте қымбат. Біз бұл сенімді ақтап, сіздер үшін қызмет етуден қуаныш табамыз. Мейрамханамыз сіздер үшін жайлы орынға, жылы шырайлы шаңыраққа айналады деп сенемін,-деді ол.

Жаңа мейрамхана 800 шаршы метр. Орын саны 260 шақталған. Кәсіпкер қазіргі таңда 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале