16.03.2017, 16:27
Оқылды: 55

«Мирас» қайта жанданды

Borli miras kaita jandandi  Мереке қарсаңында Бөрлі ауданының Достық үйінде «Мирас» қазақ этномәдени  бірлестігінің ашылу салтанаты өтті.


  Жаңа бірлестіктің ашылуына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алпамыс Көшкінбаев, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Бақыт Оқаева, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, қалалық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарғали Сиражев және басқа да аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен төрайымдары қатысты.

  «Бұл бірлестік бұрын да болған, бірақ әртүрлі жағдайларға байланысты өзінің жұмысын тоқтатқан болатын. Биыл міне өз жалғасын таппақ. Бізге Достық үйін салып беріп, осында әртүрлі этномәдени бірлестіктерді де құрды. Олардың қатарына қазақ этномәдени бірлестігі қосылып жатыр. Алдыңғы буын салып кеткен сара жолды жалғастырамыз.  Алдағы уақытта қазақтың мәдени салт-дәстүрін насихаттаймыз»,-деді қазақ этномәдени бірлестіктің төрағасы Амангелді Саратаев.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале